Жас желаяқ екі Түркия рекордын жаңалады

Мизгин Ай екі мәрте Түркия рекордын жаңартты.

1352103
Жас желаяқ екі Түркия рекордын жаңалады

Стамбулда өткен Жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Түркия чемпионаты аяқталды.  Түрік желаяқ Мизгин Ай екі мәрте Түркия рекордын жаңартты.

Атакөй Атлетика залында болған екі күндік чемпионатта Мизгин Ай 60 метрде 25 жылдық 23 жастан төмен категориясындағы Түркия рекордын жаңартты. Биылғы алғашқы жарыста 7,37-лік дәрежесін 7,32-ге жаңалаған түрік желаяқ 1995 жылы Аксел Гүржан тарапынан 7,45 дәрежесімен жасалған рекордты жаңалады.

Мизгин жабық ғимаратта бірінші рет ересектер арасында чемпион атанды.

Мизгин Ай чемпионаттың екінші күнінде де тарихи рекордқа таңба басты.

200 метрде Мизгин 24,08 дәрежесімен 36 жылдық Түркия рекордының жаңа иесі атанды.

Мизгин осылайша 1984 жылы Софияда Семра Аксу тарапынан жасалған рекордты жаңалады.



Ұқсас жаңалықтар