Түркиядан Газа секторындағы 1 мың 100 жанұяға жәрдем

Түркия Израильдің соңғы шабуылдарында зардап шеккен 1 мың 100 жанұяға жәрдем жіберді.

Түркиядан Газа секторындағы 1 мың 100 жанұяға жәрдем

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА), Израильдің Газа  секторына жасаған соңғы шабуылдарынан зардап шеккен палестиналық 1 мың 100 жанұяға жәрдем пакеттері жіберді.

ТИКА Газа секторындағы Палестина Әлеуметтік өркендеу министрлігі ынтымақтастығымен 1 мың 100 жанұяға 500 азық-түлік пакеті, 500 жастық, 500 көрпеше, 300 сөмке асхана материалы, 300 асхана газ баллоны және 300 пеш таратты.

Шабуылда үйі қираған қария Хаммад Әбу Шебаб, жанұясымен бірге енді бір контейнерде өмір сүруге мәжбүр қалғанын атап көрсетті.

Контейнерде өмір сүрудің өте қиын екенін түсіндірген қария «Түрік ұлтына және мұсылман елдерінің өкілі президент Режеп Тайып Ердоғанға Палестина халқына берген қолдауы үшін көп рахмет айтқым келеді» деді.

Израильдің Газа секторына жасаған соңғы шабуылында араларында балалар мен әйелдер де бар 34 палестиналық қаза тауып, 110 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар