Стокгольмде Гөбеклитепе жөнінде конференция өткізілді

Проф. Др. Неджми Карул Гөбеклитепе және Карахантепедегі елді мекендер жөнінде құнды деректер берді.

1310769
Стокгольмде Гөбеклитепе жөнінде конференция өткізілді

Швецияның бас қаласы Стокгольмде Гөбеклитепе жөнінде конференция өткізілді.

Жерорта теңізі мұражайында өткен конференцияға Түркияның Швециядағы өкілетті және төтенше елшісі Хаккы Эмре Юнт пен жұбайы Фиген Юнт, Түркия елшілігі кеңесшісі Өзнур Өзкан және көптеген қонақ қатысты.

Стамбул Университеті Әдебиет факультеті Археология кафедрасының меңгерушісі Проф. Др. Неджми Карул Гөбеклитепе және Карахантепедегі елді мекендер жөнінде құнды деректер берді.

Карул Гөбеклитепеге өткен жылы 400 мың адам келгенін еске салып: «Гөбеклитепе өткен жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгеннен кейін аймаққа турист көптеп келе бастады. Аймақта жұмыс істеген археологтар үшін бұл үлкен қуаныш» деді.



Ұқсас жаңалықтар