1500 жылдық шырақ табылды

Рим дәуірінен қалған 1500 жылдық 48 дана шырақ жарыққа шығарылды.

1309673
1500 жылдық шырақ табылды

Диярбакырдың Чынар ауданы маңында Зерзеван қамалында жүргізілген қазбаларда Рим дәуірінен қалған 1500 жылдық 48 дана шырақ жарыққа шығарылды.

Ауданға 13 км қашықтықтағы Зерзеван қамалы Рим империясы кезінде әскери база ретінде қолданылған. Осы жерде Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігінің бастамасымен басталған қазба бес жылдан бері жалғасып келеді.

Биіктігі 12-15 метр,  ұзындығы 1200 метрлік қорған қалдығы, биіктігі 21 метр бақылау және қорғаныс мұнарасы,  шіркеу,  басқару ғимараты,  тұрғын үйлер, дақыл және қару қоймалары,  жер асты ғибадатхана, жартас қабірлері,  су каналдары және 54 су қоймасы бар қамал мыңдаған жылдық тарихты ашып береді.

Биылғы қазбаларда Рим дәуірінен қалған 1700 жылдық жер асты ғибадатханасында 48 шырақ табылды.



Ұқсас жаңалықтар