Ертең Мәуліт түні атап өтіледі

Мәуліт түні – Ислам әлемінің маңызды күндерінің бірі.

1302020
Ертең Мәуліт түні атап өтіледі

Мұхаммед пайғамбардың туған күні Мәуліт қасиетті түні ертең атап өтіледі.

Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуіне орай атап өтілетін  Мәуліт түні – Ислам әлемінің маңызды күндерінің бірі.

Сөздікте «туған жері мен уақыты» дегенді білдіретін «Мәуліт» сөзі  исламдық мәдениетте Әзірет Мұхаммедтің дүниеге келуі, осы шеңберде өткізілген рәсімдер мен жазылған туындыларды білдіру үшін қолданылады.

Түркияда Дін істері басқармасының жанындағы Діни қызметтер Бас дирекциясы Мәуліт түніне арнап әртүрлі іс-шаралар өткізеді.

Стамбулдағы Эюп Сұлтан мен Фатих, Кониядағы Капу, Испартадағы Ұлы мешіт және Элазигда Жаңа Махалле мешіттерінде арнайы жоспарланған шараларда Құран Кәрім, мәуліт шариф және дұға оқытылатын болады.



Ұқсас жаңалықтар