Долмабахче сарайы 10 қараша рәсіміне дайындалып жатыр

Ұлттық Сарайлар басқармасы да Долмабахче сарайында 10 қараша Ататүрікті Еске алу күніне дайындық көруде.

Долмабахче сарайы 10 қараша рәсіміне дайындалып жатыр

Түркия Республикасының құрушысы Мұстафа Кемал Ататүріктің 81 жылдың алдында өмірге көздерін жұмған мекені Долмабахче сарайы 10 қазанда өткізілетін еске алу рәсіміне дайындық көріп жатыр.

Долмабахче сарайы Ататүріктің Стамбұлдағы алғашқы арнау сөзін жазған, өмірге көздерін жұмған және жаназа рәсімі өткізілген мекен болуына орай өте маңызды саналады.

Мұстафа Кемал Ататүрік мәңгілік өмірге аттанған Харем бөліміндегі 71 номерлі бөлмесіне 10 қарашада он мыңдаған кісі зиярат жасайды.  

Ұлттық Сарайлар басқармасы да Долмабахче сарайында 10 қараша Ататүрікті Еске алу күніне дайындық көруде. 205 кісілік қызметкер тобы 10 мыңдаған кісіні күтіп алатын сарай мен төңірегінде сапарлай келгендердің жайлы және қиындықсыз зиярат жасаулары үшін бар мүмкіндіктерімен еңбек етіп жатыр.

Долмабахче сарайына 2018 жылы 10 қарашада  80 мың кісі зиярат жасады. Биыл зияратшы санының артуы күтіліп отыр.



Ұқсас жаңалықтар