Геродоттың Бодрумда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз?-45

1298029
Геродоттың Бодрумда дүниеге келгенін білетін бе едіңіз?

Бодрум немесе тарихтағы атымен "Халикарнассос" - күн, теңіз, табиғат және аңыздар мен көңіл көтеру өзара тоғысқан бір батыс Анадолы қаласы. Біздің дәуірімізден бұрынғы 3 мың жылдыққа дейін созылған тамырлы тарихымен көптеген өркениетке бесік болған бұл қала сонымен бірге тарихтың атасы деп аталған Геродоттың да біздің дәуірімізден бұрынғы 5-ғасырда дүниеге келген мекені.

Қалаға "Халикарнассос" атын қойған кісі - Кайра королі Маусолус. Ол қайтыс болғаннан кейін ханшайым Артемисия тарапынан атына арналып ескерткіш қабір тұрғызылған. Аталмыш қабір ұзақ жылдардан кейін тарихшылар тарапынан Әлемнің Жеті Кереметінің бірі ретінде көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар