TEKNOFEST бүгін басталады

TEKNOFEST Стамбулдың екіншісі 17-22 қыркүйек аралығында Ататүрік әуежайында өтеді.

1270668
TEKNOFEST  бүгін басталады

Түркияның ең ірі технологиялық іс-шарасы TEKNOFEST авиация, ғарыш және технологиялар фестивалі (TEKNOFEST Стамбул) бүгін басталады.

TEKNOFEST Стамбулдың екіншісі 17-22 қыркүйек аралығында Ататүрік әуежайында өтеді.

Жеңімпаздар фестивальдің маңызды кезеңін құрайтын жарыстардың қорытынды бөлімдерінен кейін марапатталады. Биыл жүлдегерлерге жалпы сомасы 3 миллион лирадан астам ақша  бөлінді.

Фестиваль аясында биыл 19 жарыс өткізіледі, оның ішінде адамзаттың пайдасы үшін технологиялар, жасанды интеллект, пилотсыз суасты жүйелері, ұшатын автомобиль дизайны және ұшу аппараттарын модельдеу. Бұл жарыстарға 122 елден  және Түркияның 81 облысынан жалпы 17 мың 373 команда және 50 мың адам өтініш берді.  Ақтық сайыстарға болса шамамен екі мың команда мен 10 мың финалист қалды.  

Фестивальде «Ғарыштық көліктер, тарихтан бұрынғы кезеңнің іздері», «Мен өзімнің ракетамды құрастырамын», «Өрнектелген қанаттар», «Авиация және ғарыш», «Нанотехнологиялар», «Энергетикалық технологиялар», «Электронды бағдарламалау», «Робототехника» сынды білім беру және ойын-сауық семинарлары өтеді.

Әлемдік ұшқышсыз ұшу кубогы аясында фестивальге көптеген елдерден сайыскерлер келеді және ұшқышсыз аппараттардың жауынгерлік демонстрациясы болады.

Фестивальде сондай-ақ «Соло түрік», «Түрік жұлдыздары» атты түрік ұшақ акробаттары, Ресейдің «Су-30», «Су-35», «МС-21» жолаушы және өрт сөндіру ұшақтары, Құрлық әскерлері қолбасшылығы, Қауіпсіздік бас дирекциясы, Жандармерия бас қолбасшылығы инвентарындағы әуе көліктері, азаматтық авиация және Redbull командалары шоу көрсетеді.  Фестивальде көруге болатын ұшақтар арасында  Антонов Ан-178 типтегі ұшақ та болады.

Фестиваль шеңберінде парашютпен секірулер жүзеге асырылады және түрлі концерттер өтеді.



Ұқсас жаңалықтар