Рыза Каяалп - төртінші мәрте әлем чемпионы

Түрік палуан алтыннан алқа тақты.

1271306
Рыза Каяалп - төртінші мәрте әлем чемпионы

Ұлттық палуан Рыза Каяалп Қазақстанда өткен әлем чемпионатында 130 келі греко-рим стилінде алтын медаль жеңіп алды.

Елордағы әлем біріншілігінің төртінші күні түрік палуан Рыза греко-рим стиліндегі 130 келі салмақта кубалық Оскар Пино Хиндтермен белдесті.

«Барыс Аренада» өткен матчта Рыза кубалық палуанды 3-1 есебімен жеңіп, алтыннан алқа тақты.

2020 жылғы Токио Олимпиадасына квота алған Рыза кубалық  әлемінің үшіншісі Ясмани Акоста Фернандес пен қытайлық Лингже Мэнді 4-0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Ұлттық палуан ширек финалда грузин Якакоби Каяаяны 5-1, жартылай финалда неміс Эдуард Поппты 4-1 есебімен жеңді.

Рыза Каяалп греко-рим стилінде төрт рет әлем чемпиондығына қол жеткізген алғашқы түрік спортшысы болды.

Олимпиаданың күміс жүлдегері Рыза греко-рим стилінде үш рет әлем чемпионы атанған Хамза Йерликая мен Селчук Чебиден асып түсті. 

Рыза 4 рет еркін күрестен әлем чемпионы болған Хусейн Акбаштан кейін бұл көрсеткішке қол жеткізген алғашқы түрік палуаны болды.

Ұлттық палуан 2011, 2015 және 2017 жылдары да әлем чемпионы атанған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар