Түркияға келген турист саны 21 миллионға ұласты

Мәдениет және туризм министрлігі Түркияда алғашқы алты айлық туризм көрсеткіштерін жариялады.

1246317
Түркияға келген турист саны 21 миллионға ұласты

Осыған қарағанда алғашқы 6 айда шетелде өмір сүрген азаматтарға қоса Түркияға келген турист саны 21 миллионға ұласты.

Өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда турист саны 13,2 пайыз өсті. Аталмыш кезеңде туризм табыстары 9,9 пайызбен 12 миллиард 603 миллион 642 долларға ұласты.

Тур операторлары қонақүйлердің 95 пайыз толы екенін жариялады. Биыл ең көп турист келген елдер тізімінде Ресей Федерациясы бірінші орында. Артынан Германия, Болгария және Ұлыбритания келеді. Шетелдік туристтердің таңдауы Анталия, Стамбул және Эдирне қалалары.

Маусым айында 5 миллионнан астам шетелдік турист аралаған Түркия 2019 жылдың соңына дейін 40 миллион туристі күтуді нысанаға алуда.



Ұқсас жаңалықтар