51 жыл бұрын жоғалып кеткен сүңгуір табылды

Францияда 52 теңізшімен бірге жоғалып кеткен сүңгуірдің орны анықталды.

1240968
51 жыл бұрын жоғалып кеткен сүңгуір табылды

Францияның Тулон қаласында 51 жыл бұрын жоғалып кеткен «Миневре» сүңгуірі табылды.

BBC-дің хабарына қарағанда,  Франция Қорғаныс министрі 1968 жылы қаңтар айында ішіндегі 52 теңізшімен бірге жоғалып кеткен сүңгуірдің орнының анықталғанын хабарлады.

Министр батқан сүңгуірдің табылуын «табыс,  тынышталу және техникалық қабілет» деп атады.

Жоғалып кеткен теңізшілердің отбасыларының сұранысы бойынша биыл іздеудің қайта басталғанын еске салған министр: «Көптен бері осы хабарды күткен отбасыларды ойлаймын» деді.

Сүңгуір жатқан жер портты қала Тулонның 45 км қашықтығында теңіз бетінен 2370 метр тереңдікте.

Ал сүңгуірдің бату себебіне байланысты ешнәрсе айтылмаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар