«The Network» атты деректі фильм Скопьеде көрсетілді

Деректі фильм Фетуллахшы террор ұйымының шын бейнесін көрсетеді.

«The Network» атты деректі фильм  Скопьеде көрсетілді

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы бастаған жоба шеңберінде Фетуллахшы террор ұйымының шын бейнесін баяндайтын «The Network» атты деректі фильм Солтүстік Македонияның бас қаласы Скопьеде көрсетілді.

TRT World тарапынан дайындалған және атақты ағылшын журналист Вильсон түсірген деректі фильмді көруге С. Македония Қорғаныс министрі Радмила Шекеринска, Түркияның Македониядағы өкілетті және төтенше елшісі Түлин Еркал Кара,  Әділет және даму партиясының депутаты Селами Алтынокпен бірге елдегі шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері, саясат қайраткерлері,  депутаттар келді.

Депутат Алтынок ФЕТО-нің көптеген оқиғада шын бейнесін қанды түрде көрсеткенін айтты.  «Түркияның басына келгенді дос және бауырлас елдер көрмесін деп ескертудеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар