Мысыр Перғауынның алтын мүсінін сатқан Ұлыбританияға наразылық көрсетті

Мысыр 1334-1325 жылдары билік құрған Перғауын Тутанхамонның алтын мүсінін сатуды тоспағаны себепті Ұлыбританияға наразылық көрсетті.

1233006
Мысыр Перғауынның алтын мүсінін сатқан Ұлыбританияға наразылық көрсетті

Мысыр Біздің ғасырымыздан бұрынғы 1334-1325 жылдары арасында билік құрған Перғауын Тутанхамонның алтын мүсінін сатуды тоспағаны себепті Ұлыбритания әкімшілігіне наразылық көрсетті.

"Құтқарылған Тарихи мұралар ұлттық комитеті" Тарихи мұралар министрі Халид әл-Анани төрағалығында астана Каирде бас қосты.

Ұлыбританияда өткізілген авкция және осыған байланысты бақылау процесі талқыланған жиналыста бұрынғы Тарихи мұралар министрі Захи Хавас, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрліктерінен лауазымдылар қатысты.

Жиналыстан кейін жарияланған жазбаша мәлімдемеде Ұлыбритания әкімшілігінің алтын мүсіннің сатылмауы жөнінде өздерінен күтілген қолдауды бермеуіне таңырқағандары атап көрсетілді.

Мәлімдемеде сотқа арыздану мақсатымен ағылшын құқық бюросына міндет беруге шешім қабылданғаны білдірілді.

Лондондағы бір авкция үйі интернет парақшасында 4 маусымда жасаған мәлімдемесінде Перғауын Тутанхамонның алтын мүсіні Ұлыбританияның астанасы Лондонда ұйымдастырылған авкцияда  мөлшермен 6 миллион долларға сатылғанын хабарлаған. 



Ұқсас жаңалықтар