Кападокияда тұңғыш рет халықаралық ыстық ауа шары фестивалі өткізіледі

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Кападокияда тұңғыш рет халықаралық ыстық ауа шары фестивалі ұйымдастырылады.

1219337
Кападокияда тұңғыш рет халықаралық ыстық ауа шары фестивалі өткізіледі

Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Кападокияда тұңғыш рет халықаралық ыстық ауа шары фестивалі ұйымдастырылады. 

Үргүп Қала әкімшілігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда, қала әкімшілігі үй иесі болатын, Паша Баллоонстың демеуінде 3-7 шілде күндері арасында ұйымдастырылатын "Кападокия Халықаралық ыстық ауа шары фестивалі" аясында техникалық жиналыс өткізілді.

Грузиядан халық ойындары тобының қойылымдарымен басталатын фестивальде аймақта қызмет атқаратын 150 ыстық ауа шарымен 6 бөлек ұшу іске асырылады.

Тұңғыш рет ұйымдастырылатын фестивальге Америка Құрама Штаттары, Испания, Польша, Швейцария, Индонезия, Ұлыбритания, Словакия, Франция, Голландия, Жапония және Мексика 20 түрлі өрнекті шармен қатысады.

Үргүп қала әкімі Мехмет Актүрк баршаны қызықты көріністерге сахна болуы күтілген фестивальге шақырды.



Ұқсас жаңалықтар