Тұз көлі жыл сайын мыңдаған фламингоға үй иесі болады

Өзіндік табиғи болмысқа және тарихи құндылықтарға ие аймақ ЮНЕСКО Әлем мұралары уақытша тізіміне енді.

1216575
Тұз көлі жыл сайын мыңдаған фламингоға үй иесі болады
flamingo.jpg

Құстарымен Түркияның ең бай көлдері арасында орын алған Ішкі Анадолы аймағындағы Тұз көлі жыл сайын мыңдаған фламингоға үй иесі болады.

Өзіндік табиғи болмысқа және тарихи құндылықтарға ие аймақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО Әлем мұралары уақытша тізіміне енді. 

Тұз көлі биологиялық түрлілікті қорғау тұрғысынан да ерекше маңызға ие. 

Әлемдегі ең тұзды екінші көл атағына ие 7 мың 414 шаршы километр көлеміндегі аймақ халықаралық өлшемге сай "А" дәрежелі сулы алаң болып табылады. 

Тұз көлі бірінші дәрежелі табиғи қорғау алаңы деген атақ алған аймақта жүргізілген Биологиялық түрлілікті зерттеу жобасы аясында 71 түрлі өсімдік анықталды.

Фламинго құстарымен танымал Тұз көліне жыл сайын көптеген жергілікті және шетелдік турист сапарлай келеді.  

Тұз көлінде 2018 жылы жұмыртқадан шыққан фламинго балапанының саны 12 мың 746 болды. Бақылауға негізделгенде осы балапандардың жақсы өскені және құстар қатарына қосылғаны анықталды.



Ұқсас жаңалықтар