Шанлыурфа Австрия агенттігінен келген қонақтарды тәнті етті

Австрияның танымал 14 саяхат агенттігінің өкілдері Түркияның мәдениет турларының ең басты орталықтарының бірі Шанлыурфаға келді.

1207917
Шанлыурфа Австрия агенттігінен келген қонақтарды тәнті етті

Президент Режеп Тайып Ердоған тарапынан 2019 жыл "Гөбеклітепе жылы" деп жарияланғаннан кейін тарихи мекендерге ие Шанлыурфаға ел ішінен және шетелдерден келген туристердің қызығушылығы жалғасып келеді. 

Австрияның танымал 14 саяхат агенттігінің өкілдері Түркияның мәдениет турларының ең басты орталықтарының бірі Шанлыурфаға келді.

Қонақ делегация Біріккен Ұлттар Ұйымы Білім, ғылым және мәдениет ұйымы ЮНЕСКО-ның Әлем мұралары тізіміне енген Гөбеклітепе,  ЮНЕСКО-ның Әлем мұралары уақыттық тізіміне енген тарихи Балыклыгөл елді мекені және күмбезді үйлерімен танымал Харранды тамашалады.

Австрия агенттіктері делегациясының мәлімдемешісі Мартин Флориан Түркияның мәдениет туризмі тұрғысынан әлемдегі ең маңызды елдердің бірі екенін айтты.

Мартин Флориан Гөбеклітепенің адамзаттың ең байырғы елді мекені ретінде жақсы қорғалған бір орын екенін атап өтті.

Мартин Флориан:

"Гөбеклітепені алғаш көргенде көздеріме сенбедім, күткенімнен де тамаша болды. Қонақжайлылыққа таңырқадым. Тағамдарының ләззәті айтып тауысқысыз. Барған жерлеріміздің бәрі көркем екен, есімнен шықпайды. Гөбеклітепе біздің назарымызды аударды" деді.

Делегациядағы барлық қонақтар Шанлыурфаның көркем табиғатына тәнті болды. 



Ұқсас жаңалықтар