Түркияда көгілдір байрақ тігілген жағажай саны артты

Халықаралық жүзу стандартына өкілдік ететін көгілдір байрақ ағымдағы жылы 463 жағажайымызда желбірейді.

1203921
Түркияда көгілдір байрақ тігілген жағажай саны артты

Түркияда көгілдір байрақ тігілген жағажай (пляж) саны артты.

Халықаралық жүзу стандарттарына өкілдік ететін көгілдір байрақ ағымдағы жылы 463 жағажайымызда желбірейді.  

Түркия көгілдір байраққа ие болған жағажай санында Испания мен Грекиядан кейін әлемдегі үшінші орынды сақтап қалды. 

Көгілдір байрақ алуда Анталия 202 жағажаймен лидер болды. Муглада 102 жағажайда, Измирде 42 жағажайда көгілдір байрақ  желбіреді. 

Стамбулдан тізімге тек қана Шишли енді.

Көгілдір байрақ  халықаралық қоршаған орта жүлдесі болып табылады. 

Көгілдір байрақ тігілген жағажайлар жүзу суларының сапасы, қоршаған ортаны басқару әдістері және мәлімет берілуі, адамдардың жанының қауіпсіздігі шарттарын қамтамасыз етеді.

Түркия Қоршаған орта білім беру қоры таратыпан жүргізілген Көгілдір байрақ бағдарламасы әлемдегі 49 елде атқарылады.    



Ұқсас жаңалықтар