23 сәуірдің Түркияның тұңғыш ұлттық мерекесі екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз?-17

1189104
23 сәуірдің Түркияның тұңғыш ұлттық мерекесі екенін білетін бе едіңіз?

23 сәуірдің Түркия Республикасының тұңғыш ұлттық мерекесі екенін білетін бе едіңіз?

Көп жылдар бойы 23 сәуір күні бір-бірінен бөлек екі мереке атап өтілді. Осы мерекелердің бірі 1920 жылы ашылған Түркия Ұлы Ұлттық Мәжіліс мерекесі. Мәжіліс 1921 жылы шешім қабылдап,  мәжіліс ашылған күнді мереке деп жариялады. Осылайша 23 сәуір Түркияның тұңғыш ұлттық мерекесі болды. 1923 жылдан бастап Ұлттық билік мерекесі деп аталды.

Мерекелердің екіншісі Балалар мейрамы болса ресми мереке емес болатын. Балаларды асырап алу мекемесі жетім балаларға деген көмекті арттыру мақсатымен 23 сәуір күні түрлі шара ұйымдастыра бастады. 1927 жылы мекеменің шешімімен 23 сәуір Балалар күні Балалар мерекесі деп жарияланды. Сол жылы президент Ататүріктің қолдауымен түрлі мерекелік шаралар өткізілді. Бұл мереке ресми мемлекеттік рәсіммен 1933 жылы тойлана бастады.

1980 жылы 23 сәуір үшін барлық қалалардан келген балалардың қатысуымен Балалар ұлттық парламенті қалыптастырылды. Сол жылы Түркия телерадио корпорациясы көрші елдердің балаларын да шақырып,  балалар мерекесінің халықаралық деңгейде өткізілуін қамдады.  1981 жылы 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі деп жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар