Туристтер Харранға қуаныш сыйлауда

Шанлыурфаның Харран ауданы Гөбеклитепе жылынан өз үлесін алуда.

1188066
Туристтер Харранға қуаныш сыйлауда
harran urfa.jpg
harran.jpg

ЮНЕСКО-ның Әлем мұра уақытша тізімінде тұрған Шанлыурфаның Харран ауданы Гөбеклитепе жылынан өз үлесін алуда.

Біздің дәуірімізден бұрынғы алты мыңыншы жылдардан бері үздіксіз елді мекен болып келген,  ассириялықтар мен эмевилерге бас қала болған Харран конус пішінді күмбезді үйлері,  тарихи жәдігерлерімен сізді баурап алады. Әлемдегі ең байырғы елде мекендердің қатарындағы Харранның тұрғындары да ұлттық киімдерімен, мәдениетімен сіздерге жаңа парақ ашып береді.

Ислам әлемінің тұңғыш университетінің осы жерде болуы,  Ұлы мешітінің көркемдігі жыл сайын мыңдаған турист тартады. Тарихи ауданған туризм маусымында шетелдік туристер де көптеп келеді.

Жаздың аптап ыстығы баспай тұрғанда,  көктем самалымен келген туристер әрі Харран халқына, әрі туризм секторына қуаныш сыйлауда.

Ауданға келушілер орталықты көріп,  сонымен бірге Шуайып пайғамбар өмір сүріп, Әзірет Мусамен кездескен жері деп айтылатын ежелгі қаланы, Базда үңгірлерін, керуенсарайларды аралау мүмкіндігіне ие.



Ұқсас жаңалықтар