Чанаккалеге келген туристтер кемежайларға толды

Адамның көптігінен кемежайларда тізілген көлік қатары бес километрге дейін созылды.

1187185
Чанаккалеге келген туристтер кемежайларға толды

Тарихи Геллиполи түбегін аралау мақсатымен Чанаккалеге келген туристтер кемежайларға толды.

Автобус және арнаулы көліктерімен Геллиполи түбегіндегі шәйіттік пен ескерткіштерді аралаған мыңдаған адам қайтар жолда Дарданель бұғазынан өту үшін Ежеабат пен Килитбахир паром кемежайларына ағылды.

Адамның көптігінен кемежайларда тізілген көлік қатары бес километрге дейін созылды. 

Автобустағы жолаушылардың біразы көліктерінен түсіп,  паромдарға жаяу беталды.

Сонымен бірге Чанаккаледе жауған өткінші жауыннан кейін Дарданель бұғазында көрінген кемпірқосақ көрініске көркемдік қосты. Туристтер көліктерінен түсіп тамаша көріністерді суретке алып, естелік қалдырды.



Ұқсас жаңалықтар