Түрік палуан 9-шы мәрте Еуропа чемпионы атанды

Еуропа Күрес чемпионатында грек-рим стилде 130 келіде Рыза Каяалп алтын медаль алды.

1182808
Түрік палуан 9-шы мәрте Еуропа чемпионы атанды

Түрік палуан Каяалп 9-шы жеңісімен түрік күрес тарихында Еуропа чемпионатында ең көп алтын медаль жинаған спортшы атағына қол жеткізді.

Түрік палуан осы чемпионат алдында рекордын  «Ғасырдың палуаны» деген атаққа ие Хамза Йерликаямен бөлісетін.

Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу Рыза Каяалпты чемпиондық матчында жалғыз қалдырмады.

Министр Касапоғлу чемпиондық матчының артынан ұлттық спортшы Рыза Каяалпты құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған да Рыза Каяалпқа телефон шалып, «Рыза сені шын жүректен құттықтаймын. Көздерінен сүйемін» деп құттықтады.

Палуан Каяалп болса президентке ризашылығын білдіріп, «Құрметті президентімізге алғысымды айтамын. Жарыстардан кейін әрқашан бізге телефон шалады. Осы бізді қадірлеуінің көрсеткіші. Құрметті министрге де рахмет айтамын. Бу жеңісімді халқыма сыйлаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар