Рассел Кроу Фенербахчеге байланысты сөздерін бөлісті
"Кейбір күшті сөздерді тек қана Рассел Кроу сияқты гладиаторлар айта алады. Стамбулға қош келдіңіз".
Әлемге танымал Жаңа Зеландия текті актер Рассел Кроу Твиттер желісінен Фенербахчеге байланысты сөздерін бөлісті.
55 жастағы актер және режиссер желідегі хабарында:
"Егер Стамбулды көрмеген болсаңыз, оны тізіміңізге тіркеңіз. Әлемдегі ең керемет қалалардың біреуі. Осы қалаға және Фенербахчеге қайран қалдым" деп жазды.
Сары-көк түсті футбол командасы да Твиттер желісінен ағылшынша танымал актерге меңзеп:
"Кейбір күшті сөздерді тек қана Рассел Кроу сияқты гладиаторлар айта алады. Стамбулға қош келдіңіз" деп жазды.
Ұқсас жаңалықтар
Ирактан бір топ дәрігер Түркияға келді
Бұл туралы Медицина дипломатиясы қауымдастығы хабарлама жариялады.
Паралимпиадада тарихи табыс
2020 жылы Токиода 45-ші орын алған Түркия 2024 жылы Парижде 23-орынға көтерілді.