Иранның ең ескі газет сатушысы Эмери қайтыс болды

Иранның ең ескі газет сатушысы ретінде Гиннесс Рекордтар Кітабына енген Эмери қайтыс болды.

1177124
Иранның ең ескі газет сатушысы Эмери қайтыс болды

Иранның ең ескі газет сатушысы ретінде Гиннесс Рекордтар Кітабына енген 93 жасар Мухаммед Рейнджер Эмери Керес қаласында қайтыс болды.

Иранның ресми хабар агенттігі ИРНА-ның хабарына қарағанда, Гиннесс Рекордтар Кітабына еніп, әлемдегі және Ирандағы ең ескі газет сатушы ретінде қабылданған 93 жасар Мухаммед Рейнджер Эмери Елбурз уәлаятының Керес қаласында қайтыс болған.

Хузистанның Бабель қаласында 1926 жылы дүниеге келген Эмери 1937 жылы 11 жасында астана Тегеранда газет сата бастаған. Сонымен бірге жазушы болған Эмери  82 жылдық кәсіптік өмірін баяндаған "Бір газет сатушының естеліктері" атты өмірбаяндық кітабын жазған. 

Эмери 6 сәуір сенбі күні Керес қаласында жерленеді.  



Ұқсас жаңалықтар