«Әйнек үстіне салынған суреттер» көрмесі

Иерусалим Юнус Эмре түрік мәдениет орталығында Хале Бакридің әйнек үстіне салған 40 суреті өнерсүйер қауымның назарына ұсынылды.

1160506
«Әйнек үстіне салынған суреттер» көрмесі

Иерусалим Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы және Ибрахимийе Колледжі ынтымақтастығымен басқыншылық астындағы Шығыс Иерусалимде «Әйнек үстіне салынған суреттер» көрмесі ашылды.

Шығыс Иерусалимдегі Иерусалим Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының көркем өнер галереясында ашылған көрмеде Ибрахимийе колледжінде көркем өнер мұғалімі ретінде қызмет атқарған Хале Бакридің әйнек үстіне салған 40 суреті өнерсүйер қауымның назарына ұсынылды.

Сондай-ақ суретші болған Бакридің шамамен 2 жылдық еңбегінің нәтижесінде ортаға шыққан туындылары орын алған көрменің тақырыбы – сопылық.

«Әйнек үстіне салынған суреттер» көрмесі дүйсенбі күніне дейін Иерусалимнің өнерсүйер қауымына ұсынылады.

Иерусалим Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы Палестинадағы өнер жұмыстарына үлес қосу мақсатты сурет көрмелерінен бастап, концерт және өлең кештері сияқты көптеген салада жұмыстар ұйымдастыруда.



Ұқсас жаңалықтар