Түркияның телехикая экспорты артты
Түркияда «Filming Turkey» платформасы жүзеге асырылды.
Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Түркияның телехикая экспортында Америка Құрама Штаттарынан кейін екінші орында екенін айтты.
Ерсой Мерсин қаласында сөйлеген сөзінде: «Түркия экспорт етілген телехикая санында үлкен жетістікке жетті. Айырықша осы саланың бюджеті 350 миллион доллар» деді.
Мехмет Нури Ерсой телехикая экспортының артуына жұмыстанғандарын және түрік сериалдарының дұрыс таныстырылуына талпынғандарын білдірді.
Министр «Filming Turkey» платформасын жүзеге асырғандарын атап: «Түркиядағы табиғи түсірілім алаңдары, фильм түсіретін жерлер, продюссерлер, компаниялар мен мүмкіндіктері секілді көптеген мәлімет осы платформада орын алады» деді.
Ұқсас жаңалықтар
10 жасар спортшы үшінші орын алды
Спорттық шара Эгей аймағынан келген каратэ спортсмендеріне бас қостырды.