Ысқақ Паша сарайына келушілер саны артты

Ысқақ Паша сарайына жаз айларында болғаны секілді қыс маусымында да келушілер көп.

1141524
Ысқақ Паша сарайына келушілер саны артты

Агрының Догубеязыт ауданындағы Османлы сәулетінің таңдаулы үлгілерінің бірі – Ысқақ Паша сарайына соңғы 4 жылдың ең көп туристі келді.

Шығыс Анадолы аймағының ең маңызды Османлы туындыларының бірі деп есептелетін Ысқақ Паша сарайына келушілер саны күн сайын артуда. «Өркениеттер өткелі» деп аталған, Стамбулдағы Топкапы сарайынан кейін елдегі ең ірі сарай, қыран құстың ұясына ұқсайтын,  сәулеті және тарихи ерекшеліктерімен туристтердің назарын аударатын сарайға әсіресе соңғы жылдары келген отандық және шетелдік турист саны артты.

Ысқақ Паша сарайына жаз айларында болғаны секілді қыс маусымында да келушілер көп. Себебі сарайдың қар астындағы сұлулығы мен бейнесі көруге құштар етеді.

Ысқақ Паша сарайына 2018 жылы 121 мың 94 турист келіпті.

Әсіресе шетелдік туристтер сапарларының 4-5 сағатын осы сарайға бөледі.

Теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте салынған сарайдың тұғыры мен 500 жыл бұрын жылу жүйесінің бірінші рет осы жерде қолданылуы шетелдік туристердің назарын аударады.



Ұқсас жаңалықтар