Қыс Фотосафари байқауы аяқталды
Фотосафари байқауының жеңімпазына 10 мың Түрік Лирасы сыйақы беріледі.
Бингөл 1-ші Қыс Фотосафари байқауы аяқталды.
Акимат, Евфрат Даму агенттігі және Бингөл Фотография және Киноматография клубы тарапынан ұйымдастырылған байқауға 529 фотограф қатысты.
Фотография мәдениетін қалыптастыру, Бингөл қаласының тарихи жәдігерлерін, табиғи сұлулықтарын болашақ ұрпаққа жеткізу және қаланың фото мұрағатын қалыптастыру мақсатымен ұйымдастырылған байқау үшін қалаға келген фотографтар түсірген суреттерін мәдениет орталығындағы тіркеу үстеліне тапсырды.
Биыл бірінші рет ұйымдастырылған байқауға Ираннан 6, Ұлыбритания мен Германиядан 2 фотограф қатысты.
Фотосафари байқауының жеңімпазына 10 мың Түрік Лирасы сыйақы беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
10 жасар спортшы үшінші орын алды
Спорттық шара Эгей аймағынан келген каратэ спортсмендеріне бас қостырды.