Түрік қызыл жарты ай қоғамы делегациясы Йеменде

Түркия делегациясы Таиздегі денсаулық орталықтары мен соғыс ықпал еткен көптеген әлеуметтік жайларды аралады.

Түрік қызыл жарты ай қоғамы делегациясы Йеменде

Түрік қызыл жарты ай қоғамы Түркия делегациясы құрамында Йеменнің солтүстігіндегі Таиз қаласында қақтығыстардың салдарынан зиян келген аймаққа барды.

Йемен ресми хабар агенттігі SABA-ның хабарына қарағанда Йемендегі гуманитарлық жағдайды өз жерінде қадағалау үшін Түркиядан бір делегациямен Аденге барған Түрік қызыл жарты ай қоғамындағы Мехмет Санджар Таизге жасалған сапардың денсаулық сақтау орталықтары мен соғыс ықпал еткен көптеген әлеуметтік жайларды қамтығанын білдірді.

Делегацияның жергілікті лауазымдыларымен ынтымақтастық жасап, гуманитарлық жағдай жайлы ауқымды бір жұмыс атқарылатынын атап көрсеткен Санджар жұмыс нәтижесінде дайындалатын рапорттың түрік мекемелеріне тапсырылатынын да білдірді.

Аденге барған түрік делегациясында орын алған Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык болса Түркия салдырған достық ауруханасын аралап, медициналық материалдар туралы мағлұмат алған болатын.

Түрік қызыл жарты ай қоғамы соғыс себепті Хубейдедегі үйлерін тастап, Лахичти паналаған босқындарға 500 пакет азық-түлік материалы таратқан еді.



Ұқсас жаңалықтар