2018 жылғы Нобель сыйлығы иелеріне табыс етілді

Стокгольмда өткізілген сыйлық рәсіміне Карл XVI Густав та қатысып, сыйлықтарды иелеріне табыс етті.

1104883
2018 жылғы Нобель сыйлығы иелеріне табыс етілді

2018 жылғы Нобель сыйлығы иелеріне табыс етілді

Нобель сыйлығы әлемдегі ең беделді сыйлық. Медицина, химия, физика, әдебиет және экономика саласында үлкен табысқа жеткендерге Нобель сыйлығы беріледі. Биылғы Нобель сыйлығы тізімдері  қыркүйек айында  жарияланған еді.

Швецияның астанасы Стокгольмда өткізілген сыйлық рәсіміне Карл XVI Густав та қатысып, сыйлықтарды иелеріне табыс етті.

Салтанатты кешке 1500-ден астам адам--жүлдегерлер жанұясы, швед саясаткерлері, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен ғылым және студенттік ұйым атынан келгендер қатысты.

Швеция королі Карл XVI Густавтың қолынан медаль мен дипломды медицина және физиология бойынша Джеймс Аллисон (АҚШ) мен Тасуку Хондзё (Жапония), физика саласы бойынша Артур Эшкин (АҚШ), Жерар Мур (АҚШ/Франция) және Донна Стрикланд (Канада) алды. Профессор Артур Эшкин сырқаттығына байланысты келе алмай, сыйлық оның ұлына табыс етілді. Химия саласы бойынша Фрэнсис Арнольд (АҚШ), Джордж Смит (АҚШ) және Грегори Винтер (Ұлыбритания) марапатталды. Экономика бойынша АҚШ-та жұмыс істейтін профессорлар Вильям Нордхаус пен Поль Ромeр марапатталды. 

Жеңімпаздардың құрметіне «Нобель» ыйлығының мерекелік кеші атақты « Көк залда » өтті. Марапаттау кешін жергілікті SVT телеканалы тікелей эфирден көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар