Түркия жаһандық қару өнеркәсібі жетілген елдер қатарында

Орталығы Cтокгольмдегі "SIPRI" жаһандық қару өнеркәсібі рапортын жариялады.

1103984
Түркия жаһандық қару өнеркәсібі жетілген елдер қатарында

Түркия 2017 жылы жаһандық деңгейде қару өнеркәсібі өскен елдер қатарына қосылды.

Швеция Стокгольм халықаралық бейбітшілік зерттеулері өнеркәсібінің (SIPRI) рапортына қарағанда Түрік қару фирмалары 2017 жылы саудасын 24 пайыз арттырды.

Әскери электроникалық өнеркәсібі «Аселсан» мен Түрік авиация және Ғарыш өнеркәсібі алғашқы 100 фирма арасында орын алды.

Рапортқа қарағанда Үндістан мен Бразилия да 2017 жылы алға шыққан елдер болды. Алғашқы 100 фирма қатарына Оңтүстік Америкадан тек қана бразилиялық «Embraer» фирмасы қосылды.

Жаһандық қару өнеркәсібі саласына АҚШ пен Ресейдің лидерлік жасағаны байқалады.

2017 жылы орталығы АҚШ-тағы 42 фирма алғашқы 100 фирма арасында орын алды және сауданың 57 пайызын қамтамасыз (226,6 миллиард доллар) етті.

Орыс фирмаларының болса тізімдегі үлесі 9,5 пайыз болып жүзеге асты. 2017 жылы жүзеге асқан саудасымен Ресейдің 10 фирмасы үлесін 8,5 пайыз арттырып, 37,7 миллиард долларға жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар