Түркия Велосипед турнирінің сатылары анықталды

Жарыс 2019 жылдың 16-21 сәуір күндері аралығында Мәрмәр аймағында өтеді.

1086870
Түркия Велосипед турнирінің сатылары анықталды

55-ші Президенттік Түркия Велосипед турнирінің (TUR 2019) сатылары анықталды.

Жарыс 2019 жылдың 16-21 сәуір күндері аралығында Мәрмәр аймағында өтеді.

Әлемдік турнирлер күнтізбесінде орын алатын жарыс алты сатыдан тұрады.

Стамбулда басталып, Стамбулда аяқталатын турнирдің сатылары мынадай:

1-ші саты: Стамбул- Текирдаг (165 км)  

2-ші саты: Текирдаг-Эджеабад (180 км)  

3-ші саты: Чанаккале-Эдремит (155 км)  

4-ші саты: Балыкесир-Бурса (185 км)

5-ші саты: Бурса-Картепе (170 км)

6-шы саты: Сакария-Стамбул (165 км)   



Ұқсас жаңалықтар