Лондонда «Стамбул әуендері» концерті

Юнус Эмре Институты тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламада түріктің классикалық музыкасы танытылды.

1084004
Лондонда «Стамбул әуендері» концерті

Ұлыбританияның бас қаласы Лондонда Юнус Эмре Институты тарапынан ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен классикалық түрік музыкасының таңдамалы шығармалары орындалды.

Лондонда Юнус Эмре Институтының қаланың орталығында орын алған Сен Джеймс шіркеуінде ұйымдастырған «Стамбул әуендері» тақырыпты концертте араларында Османлы падишалары Сұлтан Селим ІІІ мен Абдулазиздің шығармалары да орын алған таңдамалы түрік музыкасының үлгілері өнер сүйер қауымның назарына ұсынылды.

Лондонда өмір сүрген түрік қоғамына қоса шетелдік тыңдармандар да қатты назар аударған концертте Дилек Түркан шырқаған әндер баршаны тәнті етті.



Ұқсас жаңалықтар