2018 жылғы Нобель сыйлықтарының иегері белгілі болды

2018 жылғы Нобель экономика сыйлығын екі американдық Уильям Нордхаус және Пол Ромер  жеңіп алды.

1064665
2018 жылғы Нобель сыйлықтарының иегері белгілі болды

2018 жылғы Нобель сыйлықтарының иегері белгілі болды.

2018 жылғы Нобель экономика сыйлығын екі американдық Уильям Нордхаус және Пол Ромер  жеңіп алды.

Уильям Нордхаус климат өзгерісінің қорытындылары туралы ал  Пол Ромер  де технология дамулар жөнінде жасаған еңбектері үшін 2018 жылғы Нобель экономика сыйлығына ие болды.

2018 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығы Конго Демократиялық Республикасының хирург дәрігері Дени Муквеге және ирактық құқық қорғаушы, ДАИШ тобындағы лаңкестердің күңі болған Наде Мурадқа берілді.

Химия саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығына «ферменттердің бағытталған эволюциясы үшін» АҚШ ғалымы Фрэнсис Арнольдқа, сондай-ақ «пептидтер мен антиденелердің бейнеленуі үшін» Джордж Смит (АҚШ) пен Грегори Винтерге (Ұлыбритания) берілді.

2018 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын лазерлік технологиялар саласындағы жаңалықтары үшін американдық Артур Эшкин, француз Жерар Мору және канадалық Донна Стрикленд алды.

2018 жылғы медицина бойынша Нобель сыйлығын Америкалық Джеймс Эллисон мен жапониялық Тасуку Хондзе жеңіп алды.



Ұқсас жаңалықтар