Биылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

Бейбітшілік саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды.

1063255
Биылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды

Бейбітшілік саласында 2018 жылғы Нобель сыйлығының иегері белгілі болды.

2018 жылғы Бейбітшілік сыйлығын дәрігер Денис Муквеге мен   ИМ тұтқынында болған Надя Мурад алды.

Денис Муквеге--конголық гинеколог. Елдегі қарулы қақтығыс кезінде зорлыққа ұшыраған қыздар мен әйелдерді емдеумен айналысқан.

Надя Мурад 2014 жылы Иракта мыңдаған эзидпен  ДАИШ террорлық тобының тұтқынына түсіп, құлдықта болған. Үш айдан кейін тұтқыннан құтылып, мыңдаған босқынмен Германияға қашып кеткен. Қазір Германияда тұрып жатыр. Надя Мурад 2016 жылы БҰҰ-ның құлдыққа сатылғандардың құқығын қорғау бойынша елшісі болып тағайындалған. Ол--ИМ тобының Ирак әйелдеріне жасап жатқан қысымы туралы жиі көтерген белсенді.



Ұқсас жаңалықтар