Түрік құрамасы Франциямен ойнайды

Түрік құрамасы Франция командасы алдында жеңіске жететін болса,  ширек финалға көтеріледі.

1056797
Түрік құрамасы Франциямен ойнайды

FIBA Әйелдер арасындағы Әлем біріншілігінде түрік құрамасы бүгін поэй-оф матчына шығады.

Испанияда өткен біріншіліктің топтық сайыстары аяқталды.

В тобында Аргентина командасын жеңген Түркия командасы Нигерия мен Австралия командаларынан жеңіліп қалды.

Топтық сайысты үшінші орында аяқтаған түрік құрамасы А тобының екіншісі Франциямен сайысады.

Канада командасынан 71-60 есебімен жеңілген Франция құрамасы топтық сайысты екінші орында аяқтады.

Түрік құрамасы Франция командасы алдында жеңіске жететін болса,  ширек финалға көтеріледі.

Бүгін Түркия уақытымен сағат 19.30-да басталатын матчты TRTSpor телеарнасынан тікелей көруге болады.



Ұқсас жаңалықтар