Түрік футболистке Шродерден қолдау

Шродер Месут Өзилге жеткілікті түсіністік көрсетілмегенін айтты.

1039623
Түрік футболистке Шродерден қолдау

Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шродер ТР президенті Ердоғанмен суретке түскеннен кейін неміс құрамасынан кеткен түрік текті футболист Месут Өзилге жеткілікті түсіністік көрсетілмегенін айтты.

Бір телеарнада сөйлеген Шродер Германияда соңғы кезде күн тәртібіне жиі келген нәсілшілдік таластарына алаңдайтынын білдірді.

Президент Ердоғанмен суретке түскен Месут Өзилдің саяси мақсаты жоқтығын айтқан Шродер «Месут Өзилге жеткілікті түсіністік көрсетілмеді» деді.

Шродер Месут Өзилдің әкесінің жұмысшы,  анасының тазалықшы ретінде жұмыс істейтінін, «тамаша шарттарда» өспегенін айтты. «Месут тек «президентім маған назар аударды» деді.  Мұны айтуында ешбір проблема жоқ.  Осы тақырып асыра сілтенбеуі керек» деді ол.

Түрік текті футболшылар Месут Өзил мен Илкай Гүндоған және Ұлыбританияда ойнайтын Дженк Тосун мамыр айында президент Режеп Тайып Ердоғанмен Лондонда кездесіп,  суретке түскен болатын.

Осы суреттерден кейін Германияда Месут Өзил мен Илкай Гүндоғанға қарсы сындар айтылып, нәсілшіл шабуыл жасалды.

Өзил Ресейде өткен әлем біріншілігінен кейін Германия ұлттық құрамасынан шығып кеткен еді.



Ұқсас жаңалықтар