Косово Халықаралық өнермен ояну фестивалі аяқталды

Фестивальде әсіресе Түркия, Черногория, Македония және Албаниядан бастап көптеген елден өнерпаздар қатысуда.

1021507
Косово Халықаралық өнермен ояну фестивалі аяқталды

Косованың оңтүстік батысындағы Призрендегі тарихи Гази Мехмет Паша моншасында 16-шы Халықаралық өнермен ояну фестивалі салтанатты ашылу рәсімімен басталды.

Іс-шараға Косово Мемлекеттік басқару министрі Махир Яғджылар, Эдирне губернаторы Гүнай Өздемир, Призрен муниципалитет басшысы Mytaher Haskuka, Түркия Республикасының Косоводағы өкілетті және төтенше елшісі Кывылджым Кылыч, Призрен бас консулы Эйлем Алтуня және Өнермен ояну Фестивалі атқару кеңесі төрағасы Этхем Баймакқа қоса азаматтық қоғам мекемелерінің өкілдері, әртүрлі елдерден келген өнер сүйер қауым мен Призрен халқы қатысты.

Фестиваль аясында фотосурет көрмелері, концерттер, кинофильм көрсетілімдері, кітап таныту кештері сияқты мәдени салада әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Фестивальде әсіресе Түркия, Черногория, Македония және Албаниядан бастап көптеген елден өнерпаздар қатысуда.

Фестиваль аясында Призрен Юнус Эмре Институты тарапынан түрік фотограф Билгин Аййылдыздың «Эдирне қаласы» тақырыпты фотосурет көрмесі ашылды, косоволық жас музыкант Мұхаммед Шатри концерт қойды.

Сондай-ақ Призреннің тарихи Гази Мехмет Паша моншасында Македониялық суретші Владимир Темков пен косоволық жас суретші Тина Сүлейманның көрмелері ашылды.

2002 жылдан бері ұйымдастырылған Өнермен ояну фестивалі Халықаралық Түріксой ұйымының концерттік бағдарламасымен аяқталды.



Ұқсас жаңалықтар