Гөбеклитепе ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді

Осылайша осы тізімге Түркиядан енгізілген жер саны 18-ге жетті.

1004065
Гөбеклитепе ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді
gobeklitepe1.jpg

Шанлыурфадағы Гөбеклитепе археологиялық алаңы ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді.

Осылайша осы тізімге Түркиядан енгізілген жер саны 18-ге жетті.

Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап,  Түркияның Гөбеклитепе археологиялық алаңының ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне өтінішінің Бахрейнде өткен Әлемдік мұра комитетінің жиналысында қабылданғанын білдірді.

Хабарламаға қарағанда,  Шанлыурфадағы 2011 жылдан бері ЮНЕСКО-ның уақытша тізімінде тұрған Гөбеклитепе археологиялық алаңы - Жоғары Месопотамия аймағындағы әлемге белгілі ең ежелгі мегалитикалық ғимараттар жиынтығы. Осы жердің тарихы біздің дәуірімізден 11 мың жыл бұрынға дейін барады.

Осы жерді көптеген халықаралық мекеме мен ұйым «әлемнің ең байырғы храм орталығы» деп қабылдайды.

Гөбеклитепенің ЮНЕСКО тізіміне енуіне Шанлыурфа қаласы тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар,  отандық және шетелдік туристер қатты қуанды.

Шанлыурфаның орталық Халилие ауданына 18 км қашықтықтағы Өренжик өңіріндегі ежелгі мекенді бірінші рет 1963 жылы Стамбул және Чикаго Университеттерінің зерттеушілер жарыққа шығарды. Қазбалар 50 жылдан астам уақыттан бері жалғасуда.

Берлин Археология институты және Шанлыурфа мұражайы тарапынан 1995 жылдан бері жүргізілген жұмыстарда неолитикалық дәуірден қалған, биіктігі 3-6 метр,  салмағы 40-60 тонна «Т» пішіндес тастар табылды.

Қазбаларда сонымен бірге диаметрі 8-30 метр дөңгелек және төртбұрышты әлемнің ең ескі храм қалдықтары мен шамамен 12 мың жыл бұрыннан қалған ұзындығы 65 см адам мүсіні секілді тарихи жәдігерлер жарыққа шығарылды.



Ұқсас жаңалықтар