2018 ФИФА Әлем кубогы  Мәскеуде басталды

2018 ФИФА Әлем кубогы  Ресейдің астанасы Мәскеуде кеше ұйымдастырылған ашылу рәсімімен басталды .

992927
2018 ФИФА Әлем кубогы  Мәскеуде басталды

2018 ФИФА Әлем кубогы  Ресейдің астанасы Мәскеуде кеше ұйымдастырылған ашылу рәсімімен басталды .

Төрткүл дүние көз тіккен доп додасына әлемнің ең үздік 32 құрамасы қатысады. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатын тамашалауға әлемнің 20-дан аса мемлекет басшысы қатысты.

Елде су жаңа стадиондар салынып, инфрақұрылым анағұрлым жақсарған. Одан бөлек, қауіпсіздік шараларына да жіті мән беріліп отыр. Биылғы әлем чемпионатында біраз өзгеріс бар. Мәселен, төрешілер адамдардың нәсіліне, дініне қарсы бағытталған қандай да бір іс-әрекетті байқап қалса, ойынды тоқтатуына болады. Тіпті, оларға матчты кейінге шегеріп тастай алатын құзырет берілген. Ресей елі футболдан әлем чемпионатын өз тарихында алғаш рет өткізіп жатыр.

Халықаралық футбол федерациясы 2,5 миллион билеттің ең көбін ресейліктер алды дейді. Әлем чемпионаты тұп-тура бір айға созылады. Ақтық кездесу 15 шілдеге белгіленген.


Этикеттер: #Ресей , #Мәскеу

Ұқсас жаңалықтар