Душанбеде Халықаралық Мәулана симпозиумы өтеді

Тәжікстанның астанасы Душанбеде Халықаралық Мәулана симпозиумы ұйымдастырылады.

981118
Душанбеде Халықаралық Мәулана симпозиумы өтеді

Тәжікстанның астанасы Душанбеде Халықаралық Мәулана симпозиумы ұйымдастырылады.

Атақты ақын, ойшыл, рухани жағынан жетілген ғұлама, ұстаз Мәулана Жәлалладдин Руми Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі ТИКА-ның талпынысымен қазан айында Тәжікстанның астанасы Душанбеде ұйымдастырылатын Халықаралық Мәулана симпозиумда еске алынады.

ТИКА-дан жасалған мәлімдемеге қарағанда ТИКА төрағасының орынбасары Мехмет Сурейя Ер басшылығындағы делегация Тәжікстанда қатысты басшылармен кездесіп, симпозиумнің өткізілу уақыты, қатысушылар және тараптардың міндеттері сынды тақырыптарды белгіледі.

Одан кейін Түркияның Душанбе өкілетті және төтенше елшісі Али Фырат Көксалды орнында зиярат етіп, симпозиумнің жоспарымен байланысты кеңес жүргізді.


Этикеттер: #Тәжікстан , #Душанбе

Ұқсас жаңалықтар