Ердоғанның 19 мамыр күніне орай құттықтауы

Ердоған 19 мамыр  Ататүрікті еске алыну, жастар мен спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

974378
Ердоғанның 19 мамыр күніне орай  құттықтауы

Президент Режеп Тайып Ердоған 19 мамыр  Ататүрікті еске алыну, жастар мен спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Ердоған  «Бүгін Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін шаттықпен тойлап отырмыз» деді.

Президент Ердоған «Азаттық соғысын жеңіспен аяқтаған Ататүрік республика жарияланғаннан кейін тұңғыш президентіміз болды. Замандас ұлт болу бағытында жастардың дені сау және спортпен айналысатын азаматтар болуын қамдау үшін арнайы бір күн жоспарлап, 19 мамыр күнін ұлттық мереке деп белгіледі» деді.

«Азаттық соғысымыздың символы болған 19 мамырдың жастар және спорт мерекесі ретінде жариялануы, болашағымыздың кепілі және үмітіміз болған жастарымызға көңіл бөлудің дәлелі болып табылады» деген президент Ердоған сөзін былай жалғастырды: «Азаттық түсінігімен жетілген жастарымыздың тарихқа ие шығулары, ұлттық құндылықтарға бағынышты болулары өте керемет жағдай.  Сондай-ақ жастарымыздың сегіз қырлы бір сырлы болып жетілуі мемлекетіміздің болашағының жарқын екенін көрсетуде» деді.

 


Этикеттер: #Түркия , #жастар , #спорт

Ұқсас жаңалықтар