Бүгін Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі

Бүгін Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін шаттықпен тойлап отырмыз.

974486
Бүгін Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі

Бүгін 19 мамыр. Ұлы көсем Мұстафа Кемалдың Самсунға аттанып ұлттық күресті бастауының 99 жылдығы.

Бүгін Түркия Республикасының құрушысы ұлы көсем Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесін шаттықпен тойлап отырмыз.

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі ел көлемінде, Солтүстік Кипр Түрік Республикасында және шетелдегі өкілдіктерде түрлі іс-шаралармен тойлануда.

Астана Анкарадағы рәсімнің алғашқы мекені-Аныткабир болды.

Жастар және спорт министрі Осман Ашкын Бак 81 провинциядан келген жастармен бірге Ататүрік ескерткіші Аныткабирді  зиярат етіп, гүл шоқтар қойды.

Әнұран айтылғаннан кейін Осман Ашык Бак Аныткабир арнайы дәптеріне қол таңбасын қойды.

Мерекеге орай президент Режеп Тайып Ердоған 81 провинциядан келген жастарды  қабылдады.  

19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі Стамбул, Измир болып, елдің төрт бұрышында тойлануда.


Этикеттер: #Ататүрік , #Анкара

Ұқсас жаңалықтар