Бүгін - қасиетті Бараат түні

Рамазан айының хабаршысы ретінде қабылданған Бараат түні бүгін атап өтіледі.

961042
Бүгін - қасиетті Бараат түні

Бараат түні 19 наурыз күні басталған үш айлардың екіншісі Шағбан айының 15-ші түніне дөп келеді.

Ислам нанымына қарағанда «бараат» күнәлардан тазалану,  ақталу,  Құдайдың кешірімі және рақымшылық нәсіп ету деген мағыналарға келеді.

Әзірет Мұхаммедтің Бараат түніне байланысты былай дегені айтылады: «Шағбан айының 15-ші түнін ғибадатпен өткізіңіз, күндіз ораза ұстаңыз. Себебі Ұлы Алла Тағала осы түні ғаламның аспанында рақымымен көрінеді, «Тәуба қылған адам жоқ па? Тәубасын қабылдайын.  Рызық сұрайтын жоқ па? Рызық берейін. Шипа сұрайтын жоқ па? Шипа берейін. Тілегі бар адам жоқ па? Тілегін орындайын» дейді.



Ұқсас жаңалықтар