Түркия мен Қытайдың туризм қатынасы күшейеді

Түркия мен Қытай көптеген салада ортақ жобаны дамытуы мүмкіндігіне ие.

956070
Түркия мен Қытайдың туризм қатынасы күшейеді

Түркия мен Қытай көптеген салада ортақ жобаны дамытуы мүмкіндігіне ие.

Қытайдың экономика және қаржы қаласы Шанхайда ұйымдастырылған туризм жылы іс-шарасына Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Түркияның Пекиндегі өкілетті және төтенше елшісі Абдулкадир Емин Өнен, миссия өкілдері және көптеген қонақ қатысты.

Министр Куртулмуш 2018 жылының екі елдің туризм қарым-қатынастары тұрғысынан бір бастама болғанын айтып, осы қарым-қатынастың алдымыздағы жылдарда тіпті жақсы болуын күткендерін тіледі.

«Түркия мен Қытайдың георгафиялық жақтан бір-біріне қашық болғанымен алдымыздағы кезеңде көптеген салада ортақ жобаларды дамытуы мүмкіндігіне және керемет әлеуетке ие» деген Куртулмуш Түркияның Азияның батысында, Қытайдың да Азияның шығысында Ұлы Жібек жолының екі стратегиялық елі екенін айтты. 

Министр Куртулмуш Ұлы Жібек жолының қайтадан жандануын мақсат еткен «Бір  белдеу, бір жол» жобасы арқылы екі ел арасында алдымыздағы кезеңде екі жақты қарым-қатынастардың тіпті де дамитынын айтты.

Қытайда «2018 Түркия туризм жылы» болуымен көптеген қалада 60-тан астам іс-шаралар ұйымдастырылатынын білдірген Куртулмуш осы іс-шаралардың екі халықтың тіпті де жақындасуына дәнекер болатынын айтты.

Куртулмуш өркениеттер бесігі болған Түркияның Троядан Османлыға дейін 24 үлкен өркениетке үй иелігін жасағанын еске салып, әлемге әйгілі «Анадолы алауы» би тобының «Троя» атты биі жөнінде мағлұмат берді.

Баяндамадан кейін «Анадолы алауы» би тобы өнер көрсетті. Керемет би барлық көрерменді тәнті етті.


Этикеттер: #Қытай , #туризм

Ұқсас жаңалықтар