Трамп Наурыз мейрамын құттықтады

Трамп мәлімдемесінде «Дүниежүзінде миллиондаған адам наурыз мейрамын тойлауда» деді.

933827
Трамп Наурыз мейрамын құттықтады

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп Наурыз мейрамын құттықтай отырып Иранды сынға тартты. Трамп мәлімдемесінде «Дүниежүзінде миллиондаған адам наурыз мейрамын тойлауда» деген сөздер қолданды.

АҚШ президенті Трамп көктемнің сүйіншісі ретінде қабылданған наурыз мейрамымен байланысты жазбаша бір мәлімдеме жасады.

Трамп «Көктемнің келуін сүйіншілеген наурыз мейрамын дүниежүзінде миллиондаған адам тойлауда» деген мәлімдемесінің қалған бөлімінде Иран әкімшілігін және Иран төңкеріс қорғаушылары армиясын сынға тартты.

Наурыз мейрамының тегінің Иранға тірелгенін білдірген Тамп былай деді: «Бұдан 2500 бұрын парсы патшасы Дарий I Тәңірден Иран халқына үш нәрседен қорғануын талап етті: Дұшпан армиясы, құрғақшылық және жалғандық. Осы таңда Иран төңкеріс қорғаушылары армиясы осы үш нәрсеге де өкілдік етуде».

Енді бір жағынан Наурыз мейрамымен байланысты бір жазбаша мәлімдемесін жасаған АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары John Sullivan да Наурыз мейрамын құттықтады.

John Sullivan мәлімдемесінде «АҚШ Ауғанстан, Әзірбайжан, Қытай, Грузия, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан және әлемнің басқа аймақтарында Наурыз мейрамы үшін бас қосқан баршаның мерекесін құттықтайды» деген сөздер қолданды.

 

 


Этикеттер: #Наурыз , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар