Ердоған Наурыз мейрамын құттықтады

Президент Ердоған 21 Наурыз мейрамына орай жолдама жариялады.

933775
Ердоған Наурыз мейрамын құттықтады

Президент Ердоған 21 Наурыз мейрамына орай жолдама жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Орталық Азиядан Балканға дейінгі кең-байтақ географияда тойланған Наурыз мейрамының жаңа бастаманың, үміттің, бауырластықтың және селбесудің мейрамы екенін айтты.

Президент Ердоған 21 Наурыз мейрамына орай жолдама жариялады.

Ердоған жолдамасында «Орталық Азиядан Балканға дейінгі кең-байтақ географияда салтанатты түрде тойланған Наурыз жаңа бастаманың, үміттің, бауырластықтың және селбесудің мейрамы болып табылады» деген сөздер қолданды.

Наурыз мейрамының өте маңызды бір мейрам екенін түсіндірген Ердоған былай деді: «Көктемді сүйіншілеген Наурыздың бауырластық байланысымыздың және селбесуіміздің тіпті де күшеюіне дәнекер болуын тілеймін. Мың жылдық бауырластығымызды жаһандық күштер бұзуға тырысуда. Осы маңызды процесте халқымыз Наурыз мейрамын  бейбітшілік ішінде тойлайтынына кәміл сенемін. Көктемнің, байлықтың және берекеттің мейрамы Наурызды шын жүректен құттықтаймын».



Ұқсас жаңалықтар