Кеден және сауда министрі Францияда

Министр Түфенкчи Францияның Париж қаласындағы Халықаралық туризм көрмесін аралады.

932263
Кеден және сауда министрі Францияда

Кеден және сауда министрі Бюлент Түфенкчи Францияның бас қаласы Парижде Халықаралық туризм көрмесін аралады.

Министрлік жасаған мәлімдемеге қарағанда министр Түфенкчи көрмеде Түркия павильонын аралады.

Түркия үшін туризмнің аса маңызды екенін атап көрсеткен Түфенкчи «Түркияға бұл көрмеде өкілдік жасалуы шынымен де аса маңызды бір құндылық. Бұл көрмеге еңбегін сіңіргендерге алғысымды айтамын» деді.

Түфенкчи Түркияның тарихи, мәдениеті және табиғи сұлулығымен керемет бір ел екенін атап, «Елімізді таныту үшін әр саланы пайдалану керек. Осында жұмыстанған достарымыз көрмеден толығымен пайдаланып отыр. Туризмде марка болуымыз үшін үздіксіз белсенді жұмыс істеуіміз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар