«Түркияға ғашық болдым»

Анджелика Акбар Түркияны сүйетінін айтты.

918626
«Түркияға ғашық болдым»

Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасаған пианист Анджелика Акбар көп ел көргенін,  алайда Түркияда жүрегіне ерекше бір нәрсенің әсер еткенін айтты.  «Түркия мені өзіне ғашық қылды» деді ол.

Атақты пианист Түркияда өзін еш шет елдік ретінде сезінбегенін айтты.  «Мен негізінде осында басқан алғашқы қадамымнан бастап шетелдік емеспін.  Кітабымның есімінің неге «Ішімдегі Түркиям» деп аталғанын сұрайды.  Сол «м» әрпін жазуға мұқтаж болмағанда,  мен бұл кітапты жазбас едім. Түркиям демесем, бұл елде қалмас та едім. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін отбасым әлемде бас қалаларға қоныс тепті.  АҚШ, Еуропа, Австралия және басқа да көп елге кетті.  Мені қайта-қайта шақырды.  Бірақ мен «Жоқ, менің орным осы жер» дедім» деді ол.

Кеңес Одағында туып өскен,  білім алу үшін Түркияға келген Анджелика Акбар 1993 жылы түрік азаматтығына өтті.



Ұқсас жаңалықтар