Месут Өзил келісті
Арсенал 3,5 жылдық келісімге қол қойды.
902334
Арсенал футбол командасы түрік текті футболшы Месут Өзилмен 3,5 жылдық келісімге келді.
Ұлыбританияда Премьер лигадағы Арсенал командасы түрік текті Германия ойыншысы Месут Өзилмен келісті.
Клубтың хабарламасына қарағанда, 29 жасар Месуттың биыл жазда аяқталатын келісім-шарты созылды.
Футболшының өзі де твиттер есебінен 2020-21 маусым үшін жаңа келісімге қол қойғанын хабарлады.
Ағылшын баспасөзі Месут Өзилдің Арсенал футбол клубы тарихында ең көп табыс табатын футболшы екенін жазды. Ол 350 мың стерлинг айлық алады.
Түрік футболшы Арсенал формасымен 182 матчта ойнап, 36 гол салған еді.