Тарихи жәдігерлер табылды
Александрия қаласындағы археологиялық қазбаларда Рим дәуірінен қалған тарихи жәдігерлер табылды.
884421

Мысырдың Александрия қаласындағы археологиялық қазбаларда Рим дәуірінен қалған тарихи жәдігерлер табылды.
Мысыр Тарихи жәдігерлер министрлігі Жоғары тарихи экспонаттар кеңесі бас хатшысы Мұстафа Везири Александрияда мемлекеттік археологиялық топ жүргізген жұмыс барысында Рим дәуірінен қалған майшамдар мен құрбандар үшін қолданылған құрал-сайманның табылғанын айтты.
Везири табылған жәдігерлердің үстінде Рим дәуірі Ана Құдайларының суреттерінің анық көрініп тұрғанын атап көрсетті.
Оның айтуынша табылған экспонаттардың көбі Элленистік дәуірден қалған бір мазардың қақпағы.